×

«Қазақстан ЕАЭО-дан шығу туралы бастама көтерді»: министрлік ақпаратқа пікір білдірді

Ақпаратқа екі бірдей министрлік түсініктеме берді 

фото: gov.kz

Telegram-да Қазақстан Еуразия экономикалық одағының Кеден одағынан шығу туралы бастама көтергені жайлы ақпарат тарап жатыр. Бұған «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер» себеп болғаны жазылған. Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, бұл ақпарат – фейк. 

«Қазақстанның жоспары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі де теріске шығарды.

Stopfake.kz сайтының жазуынша, сондай-ақ Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отырғаны туралы мәлімдеме, оны таратқан автор өзінің жеке дереккөздеріне сүйенген. Бұл фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес. Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18