Halyq Uni логотип
×

Келесі жылы еңбек ету қабілетінен айырылған адамға әлеуметтік төлем көбейеді

Қаулының жобасы 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқыланады

 Дастан Жұмабекұлы 04.09.2023 | 09:41
Келесі жылы еңбек ету қабілетінен айырылған адамға әлеуметтік төлем көбейеді
Фото: ortcom.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын әзірледі. Ол 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталына жарияланған.

2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайыз арттыру жүргізілсін, – делінген құжатта.

Қаулы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама