×

Ақтөбеде атыраулық азамат досының кінәсінен қайтыс болды

Сот жол апатына кінәлі ер адамды 3 жылға бас бостандығынан және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырды

 Халық үні 04.09.2023 | 07:50
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ақтөбе тұрғыны сыра ішіп, жақын досын көлікпен әуежайға апара жатқанда жол апатына ұшырады, деп хабарлады Диапазон.

Оқиға Сәңкібай батыр даңғылында болған. 34 жастағы Nissan XTrail жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, жол белгілері мен қоршауларға соғылған.

Nissan XTrail көлігінің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға түсті, ал оның әуежайға алып бара жатқан жақын досы, атыраулық азамат оқиға орнында қайтыс болды.Nissan жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған. Оның рөлге отырмас бұрын досымен сыра ішкені анықталды.

Сот жол апатына кінәлі ер адамды 3 жылға бас бостандығынан және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама