Атырау облысында 2 адам қайғылы жағдайда көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйекте болған
Атырау облысында Toyota көлігі аударылып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты 3 қыркүйекте болған.
Атырау-Индер тас жолының 18-шақырымында Toyota автокөлігі аударылып қалды. Жол-көлік апатына 1998 жылғы жүргізушінің көлікті басқару жүйесін игере алмағаны себеп болғаны анықталды. Оқиға орнында жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды, -деп хабарлады баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, полиция қызметкерлерінің жол жиегіне аударылған автокөліктің жүргізушісіне аталған тасжолдың 17-шақырымында ескерту жасағаны анықталып отыр.