Магнитудасы - 4.7
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қыркүйек күні жер сілкінісін тіркеді.
Оқиға Алматы уақытымен таңғы сағат 07:06-да болған.
Жерасты дүмпуінің ошағы - Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым қашықтықта Қытай мен Қырғызстан шекарасы аумағында.
Зілзаланың энергетикалық класы 10.8. Магнитудасы - 4.7. MPV. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат жоқ, - делінген хабарламада.