Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін тағайындады
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек министрін тағайындады, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Светлана Жақыпова 1968 жылы дүниеге келген. 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.
Ал биыл маусымда Светлана Жақыпова Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалған еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін бұл қызметте Тамара Дүйсенова болған еді. Президент Жарлығымен ол жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.