Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрін тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда жаңадан 5 министрлік құрылғанын хабарлаған болатынбыз.