Президент экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісін тағайындады

Динара Амантай

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақорданың мәліметінше, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылған.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.