Президент жарлығы: Қазақстанда жаңа 5 министрлік құрылды
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Динара Амантай
01.09.2023 | 17:07
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен жаңа министрліктер құрылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Атап айтқанда,
- Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.