Halyq Uni логотип
×

Мәжіліс депутаты мандатын тапсырды

Ол басқа жұмысқа ауысып жатыр

 Дәурен Ерболат 01.09.2023 | 13:10
Мәжіліс депутаты мандатын тапсырды
Фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, депутаттық мандатын тапсыруға оның өзі өтініш берген.

Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына, «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес, Мәжілісі депутаты Ғалымжан Елеуовтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Мұхтар Ерман.

Депутаттар тиісті қаулыға дауыс берді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың жаңа қызметке ауысып жатқанын атап өтіп, оған алғыс айтты.

Айта кетейік, 45 жастағы Ғалымжан Елеуов Мәжілістің VII және VIII шақырылымдағы депутаты болған. Экология және табиғатты пайдалану мәселелері, экономикалық реформа мен аймақты дамыту жөніндегі комитеттерге мүше еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама