Көлік саласына жауапты жаңа министрлік құрылады
Онда шешімін таппаған өзекті мәселе көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Көлік министрлігін қайта құру керектігін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президенттің пікірінше, еліміз Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуы шарт.
Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9%-ға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады, - деді Тоқаев Жолдауда.