Halyq Uni логотип
×

IBA-дан тағы бір Бокс федерациясы шығып кетті

Финляндия World Boxing ұйымына қосылады

 Дастан Жұмабекұлы 01.09.2023 | 10:57
IBA-дан тағы бір Бокс федерациясы шығып кетті
Фото: sportrbc.ru

Финляндияның Бокс федерациясы IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) қатарынан шығу туралы шешім қабылдады.

Елдің Бокс федерациясының (FBF) атқарушы директоры Марко Лайненің айтуынша, Финляндия World Boxing ұйымына қосылады.

IBA қызметі Ресеймен тығыз байланысты. Оның басшысы – ресейлік Умар Кремлев деген азамат. Сондықтан Финляндия Ресеймен қатысы бар барлық ұйымдардан шыға береді. Халықаралық бокс қауымдастығы 2019 жылдан бері Олимпиялық ойындарға іріктеу турнирін өткізу құқығынан айырылған. Ал биылдан бастап Халықаралық олимпийялық комитет IBA-ны мүлде мойындамайтынын мәлімдеді.  Олимпиадаға боксшыларды іріктеумен енді ХОК-тың өзі айналысады. Ал біз Олимпиадаға қатысқымыз келеді. Сондықтан World Boxing ұйымы арқылы төртжылдықтың жарысына қатысуды мақсат етіп отырмыз, – деді ол.

Биыл World Boxing ұйымы құрылған. Әзірше оны ХОК-тың өзі мойындай қойған жоқ. ХОК World Boxing ұйымына қатысты шешімді Халықаралық бокс қауымдастығының ісін тексергеннен кейін қабылдайды.

Қазір жаңадан құрылған бокс ұйымына Австралия, Англия, Ұлыбритания, Нидерланд, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада, Бразилия, Аргентина, Германия, Гондурас пен Швеция елдерінің бокс федерациялары мүше.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама