Halyq Uni логотип
×

Павлодарда хирург сүндеттеу кезінде баланың жыныс мүшесін кесіп алған

5 жасар баланы тәжірибелі дәрігердің сүндеттегені белгілі болды

 Халық үні 31.08.2023 | 20:56
Павлодарда хирург сүндеттеу кезінде баланың жыныс мүшесін кесіп алған
фото: elana.kz

Павлодарда 5 жасар бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсіп қалды. Қазір науқас Астанадағы Ана мен бала орталығына жеткізілді.

Анасының айтуынша, олар баланы 23 тамызда сүндеттеу үшін облыстық ауруханаға әкелген. Бірақ қалыпты саналатын процедура жоспар бойынша өтпеген. Дәрігер баланың жыныс мүшесінің үштен бір бөлігін кесіп алып тастаған, зәр шығару каналы зақымдалған.

Ата-ана бұл жағдай туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді. Айтуларынша, бөлім меңгерушісі дәрігердің қателігін мойындаған.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайына қатысты қазірше түсінік бере алмайтынын хабарлады. Аталған факті бойынша комиссия құрылып, қызметтік тексеріс басталған. 5 жасар баланы тәжірибелі дәрігердің сүндеттегені белгілі болды.

ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Павлодар облыстық департаментіне осы жағдай бойынша жоспардан тыс тексеру бастау үшін хат жолдады. Осы отаны жасаған маманның 13 жылдық қызмет өтілі, сондай-ақ «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша бірінші біліктілік деңгейі бар. Қазір дәрігер ота жасаудан шеттетілді, – делінген хабарламада.

Қазір бала Астанадағы Ана мен бала орталығының урология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама