Halyq Uni логотип
×

Ақтауда бір түнде 200-ден астам бала жоғалып кеткен

Жас шамалары 3-15 жас аралығында

 Халық үні 31.08.2023 | 19:58
Ақтауда бір түнде 200-ден астам бала жоғалып кеткен
фото: ашық дереккөзден

Ақтаудағы ауқымды концерттен кейін полицейлерге жоғалған балалар туралы 200-ден астам хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Lada.kz.

Ірі мұнай компаниясының 60 жылдығына арналған концерт 30 тамызда кешкі уақытта болған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Балалардың жоғалғаны туралы өтініштердің жалпы саны 200-ден асады. Жас шамалары 3-15 жас аралығында. Абырой болғанда, барлығы табылып, ата-анасына табысталды, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Концертті көргісі келетіндердің көптігі соншалық, олардың кейбіреуі аялдаманың төбесіне шығып алған. Қазақстандық жұлдыздардың өнерін тамашалауға 60 мыңнан астам көрермен жиналған. Тіпті ұзын-сонар көлік кептелісі болған.

Ақтауда мұндай кептелісті ешқашан көрген емеспін. Біз бір орында 40 минут қозғалмай тұрдық. Үйге бір жарым сағатта жеттік, - дейді Ақтау тұрғындарының бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама