Halyq Uni логотип
×

Көлік апаты: қай өңірде өлім-жітім көп?

Биыл 7 айда 1,2 мың адам қаза тапқан

 Дәурен Ерболат 31.08.2023 | 17:35
Көлік апаты: қай өңірде өлім-жітім көп?
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері 6,7 мыңнан аса көлік апаты тіркелді, деп хабарлады Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет.

Комитет мәліметінше, 2023 жылғы 7 айда Қазақстанда 6 792 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға аз.

Бұл былтыр осы уақыт аралығында 7 862 оқиға тіркелді. Көлік апатынын 9 714 адам зардап шекті. 2022жылы осы уақытта 11 584 адам зардап шеккен еді. Биыл жарақат алғандар саны – 8 482 адам, ал қаза болғандар саны – 1 232 адам. Былтырғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда көз жұмғандар саны 3,2%-ға артқан, - деп жазылған хабарламада.

7 айда жол-көлік оқиғасынан 1 232 адам қаза тапқан. Бұл – 7 жыл ішінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Көлік апатынан зардап шеккендер саны

  • Алматы қаласы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола және Алматы облыстарында көп.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан

  • Алматы қаласында (181 адам), Түркістан (146 адам), Жамбыл (116 адам), Жетісу (78 адам) және Атырау (69 адам) облыстарында адам өлімі жиі тіркеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама