Қызыл санат бойынша телефон шалғандарға көмек бірден көрсетіледі
Павлодар облысында полицейлер халыққа көмек көрсетудің жаңа тәсіліне көшті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өңірде 102 нөміріне күн сайын 300-ге жуық қоңырау түседі. Демалыс күндері оның саны 500-ге дейін жетеді.
Жыл басынан бері Павлодар облысы бойынша полицияға барлығы 56 мыңнан аса шақырту түскен.
Кейбір жағдайда тұрғындар полицияның араласуынсыз-ақ шешуге болатын мәселе бойынша көмек сұрайды. Осылайша, олар тәртіп сақшыларының уақытын алады. Осы уақытта басқа адамға шынымен де шұғыл көмектесетін сәттер болады, - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы іске асырылды. Оның шеңберінде 102 қызметіне түсетін қоңырауларды қабылдау жүйесі мен тіркеу механизмі зерттеліп, құқықтық мазмұндағы шақыруларға талдау жүргізілді. Нәтижесінде қоңыраудың қауіп деңгейіне байланысты қоңырау шалу санаты қызыл, сары және жасыл (бағдаршамның түстері сияқты) деп бөлінетін болды.
Қызыл санат бойынша телефон шалғандарға көмек бірден көрсетіледі.
Мысалы, 102 нөміріне қызыл санат бойынша қоңырау түссе, оператор полиция жасағын бірден оқиға орнына жібереді.