Өрт сөндіруші сәбиді тоғызыншы қабаттан құтқарған
30 тамызда сағат 13:00-ге қарай Қостанай қаласында тұрғын үй пәтерлерінің бірінен өрт шығып, одан құтқарушылар 3 адамды аман алып шықты. Құтқарылған адамдардың арасында жаңа туған нәресте де болған. Бұл туралы «Наша газета» хабарлады.
Өрт Садовая көшесіндегі №79-үйден шыққан. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жетіп, өртеніп жатқан үйден 3 адамды алып шықты.
Үш адам баспалдақпен далаға шығарылды. Оның екеуі – бала. Сонымен бірге 6 адам эвакуацияланды. Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Бижанов 2023 жылы туған баланы 9-қабаттан баспалдақ маршымен түсіп, алып шықты. Құтқарушы, өрт сөндіруші Қазиев 7-қабаттан әйелді алып шықты, – деп хабарлады облыстық ТЖД мәліметіне сүйенген «Наша газета».
Кейін белгілі болғандай, 4-қабаттағы пәтерлердің бірінде ас үй жиһазы өртенген.