Жетісу облысында департамент басшысы кәсіпкерлерден пара алып отырған
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр
Жетісу облысында департамент басшысы кәсіпкерлерден пара алып отырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысының заңсыз қызметінің жолын кесті.
Шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру кезінде қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып отырған деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген Антикор хабарламасында.
Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.