Алматыда алғаш рет NEW MEDIA FORUM өтеді

Халық үні

Форумда талқыланатын басты тақырыптар белгілі болды

фото: newmediaforum.kz

12 қыркүйекте Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет NEW MEDIA FORUM өтеді. Форум аясында жаңа медиа өкілдері – блогерлер мен инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары мен өндірушілері, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар өзекті мәселелерді талқылау, заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалау үшін жиналады.    

Форум бағдарламасында «Жаңа цифрлық әлем тәртібі», «Медиа нарығының эволюциясы», «Цифрлық кеңістіктегі жаңа медиа этикасы», «Техномедиа: инфокеңістіктің трансформациясы», «Креативті индустрия және жаңа медиа» тақырыптары бойынша панельдік сессиялар бар.

Сонымен қатар, қатысушылар «PechaKucha» қысқаша баяндама форматында жобаларын ұсынып, таныстыра алады.   

Форумның негізгі спикерлері мен хедлайнерлері Қазақстан мен алыс-жақын шетелдердің жаңа медиа өкілдері болады. Белгілі сарапшылар дамудың өзекті мәселелерін талқылап, осы салаға қатысты көзқарасытары мен озық тәжірибелерімен бөліседі.

Алғаш рет өтетін NEW MEDIA FORUM-ның негізгі мақсаты келесі сұрақтардан құралған: жаңа медианың даму тарихы және олардың әлеуметтік өмірге және медиа индустрияға әсері; осы медиалардың форматтары және ерекшеліктері; медиа этика және оның бұқаралық мәдениетке әсері; жарнама және алға жылжыту; интернет-маркетинг және интернет-белсенділік; жаңа тенденциялар мен перспективалар.

Жаңа медиа қазіргі қоғамды, оның ішінде жаңа ортаны, жаңа әлеуметтік құндылықтарды, жаңа өмір салтын және жаңа қағидаларды қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Олардың ықпалымен дәстүрлі БАҚ-та түрленуде. Сонымен бірге «жаңа медиа» түсінігі «бұқаралық ақпарат құралдары» түсінігінен әлдеқайда кең, жаңа медиа - деректерді беру және сақтау құралы, техникалық құрылғылар және жаңа технологиялар болып табылады. Сондықтан жаңа диалог алаңын құру өте маңызды, - деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов.

Қатысу форматы: онлайн және офлайн

Өтетін орны: Алматы, «Қазақстан» қонақ үйі, Достық даңғылы, 52/2

Web-сайт: www.newmediaforum.kz

PR менеджер: Әсел Мираева, 8 (747) 757-57-35  

NEW MEDIA FORUM Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтеді. Форумның серіктесі - QAZCONTENT АҚ.