Биыл тұрғын үй қарыздарын беру үшін 71,9 млрд теңге қарастырылған
Биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 10 мың 878 жалға берілетін пәтер сатып алуға 105,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы несиелік тұрғын үйді салуға 158,5 млрд теңге лимит көзделген және 725,8 мың шаршы метр немесе 12,1 мың пәтер салу жоспарланған.
Биыл тұрғын үй қарыздарын беру үшін 71,9 млрд теңге қарастырылған. Отбасы банк «2-10-20» ипотекалық бағдарламасы бойынша 3 мың 176 қарызды және «5-10-20» бағдарламасы бойынша 3 мың 610 қарызды іске асыруды жоспарлап отыр.