«Депутаттар арнайы шақырды». Премьер-министр алғаш рет есеп беріп жатыр
Ол президенттің тапсырмалары қалай орындалғанын айтады
Бүгін AMANAT партиясы фракциясының отырысында алғаш рет премьер-министр Әлихан Смайылов есеп беріп жатыр. Бұл туралы партия төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін біз жаңа саяси маусымның қарсаңында тағы бір дәстүрді бастағалы отырмыз. Алғаш рет фракция отырысында Президенттің жолдауларының орындалуы жөнінде премьер-министрдің ақпаратын тыңдайтын боламыз. Сондықтан басым дауысқа ие болған партия ретінде Фракция отырысына Үкімет басшысын арнайы шақырып отырмыз, - деді Мәжіліс төрағасы AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында.
Үкімет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2022 жылдарға арналған Жолдауларындағы тапсырмалардың қалай орындалғанына тоқталды.
Барлық бағдарламалық құжат халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл тапсырмалар қиын кезеңде, үнемі туындап отыратын сыртқы және ішкі сын-қатерлер жағдайында іске асырылды. Дегенмен жалпы қойылған міндеттер іске асырылды, ал ұзақ мерзімді және жүйелі тапсырмалар орындалу барысында, - деп атап өтті Әлихан Смайылов.