Ғимараттардың қауіпсіздігі тексеріледі
Өскемен қаласының тұрғындарына ескерту жасалды, деп хабарлады ШҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Бүгін қалада өтетін оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийіне жедел ден қою мәселелері пысықталады.
Осыған байланысты белгілі бір шектеу қарастырылған: көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынан терроризмге қарсы оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талабын орындауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.