Halyq Uni логотип
×

Астанада 6 бағдар бойынша қосымша автобустар шықты

Кейбір қоғамдық көліктердің бағытын электронды таблодан бақылау уақытша қолжетімсіз

 Дәурен Ерболат 31.08.2023 | 09:20
Астанада 6 бағдар бойынша қосымша автобустар шықты
Фото: newtimes.kz

Бүгін Астанда 20 жаңа автобус жолға шықты, деп хабарлады CTS компаниясының баспасөз қызметі.

Олар №3, 32, 15, 54, 56 және 61 бағдарларына қосымша қосылады. Бағдарлар электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеу жүйесінің жаңа жабдықтарымен жабдықталған.

Жүйені толық қосқанға дейін жол ақысын төлеу қолданыстағы тәсілдермен (QR-код және Transcard көлік картасы арқылы) іске асырылады. Сондай-ақ жол ақысын банк картасымен, NFC технологиясы және Bluetooth арқылы төлеуге болады.

Сонымен қатар бүгін №49 және №57 жаңа бағдарлары линияға шықты.

№49 жаңа бағдары «Көктал-2» - «Ұлы дала даңғылы» бағытында қатынайды және «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алаптары, «Көктал» саябағын «Жағалау» тұрғын алабымен байланыстырады. Бұл Шыңғыс Айтматов, Сығанақ көшелеріне, Қабанбай батыр даңғылына қызмет көрсетуді жақсартып, Dastur, Home Land, Athletic city ТК тұрғындары жаңа бағыттардың игілігін көре алады. Бағдар бойынша 12-15 минут болатын арақашықтықпен 10 автобус жүреді.

№57 бағдар «Төле би көшесі» – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы» қатынасымен Төле би көшесіне қызмет көрсетуге, Ахмет Байтұрсынов көшесіне, Қошқарбаев даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға №92 мектеп пен Айнакөл көшесі, «Хабар» ТК арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM мектебіне қызмет көрсетуді іске асыруға, №40 бағдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдар бойынша 10 автобус 10-15 минуттық арақашықтықпен жүреді.

Бағдарлардың қозғалыс сызбалары желі учаскелеріндегі қолданыстағы қажеттілікті ескере отырып әзірленді.

Сондай-ақ диспетчерлеудің жаңа жүйесіне көшуге байланысты №3, 15, 32, 54, 61 бағдарларын аялдама пункттеріндегі таблолардан бақылау уақытша қолжетімсіз.

Автобустардың орналасқан жері туралы ақпаратты Аvtobus мобильді қосымшасынан көруге болады. Мобильды қосымшаны App Store, Google Play, AppGallery-ден жүктеп алуға болады.

Жүйені толық енгізген кезде барлық сервис бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп мәлімдеді CTS компаниясы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама