Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанған
Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай және қатты жел болып, жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы да мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанып отыр.
Ауа температурасының ең үлкен төмендеуі республиканың солтүстігінде күтіледі, түнгі уақытта ауа температурасы 5-10, күндіз 10-18 жылы болады.
Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп +25-30 градусқа дейін көтерілуі болжанады.