Halyq Uni логотип
×

«5 градусқа дейін төмендейді»: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанған

 Халық үні 30.08.2023 | 20:44
«5 градусқа дейін төмендейді»: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envato.com

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай және қатты жел болып, жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы да мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанып отыр.

Ауа температурасының ең үлкен төмендеуі республиканың солтүстігінде күтіледі, түнгі уақытта ауа температурасы 5-10, күндіз 10-18 жылы болады.

Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп +25-30 градусқа дейін көтерілуі болжанады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама