Ол қаладағы дүкеннен шығып, үйге оралмаған
Оралдық әйел тоғыз күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлады Massaget.kz.
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, ол 21 тамызда қаладағы «Таң» дүкенінен шығып, жоғалып кеткен.
Негізгі белгілері: бойы – 163 сантиметр, қоңыр көзді, шашы қысқа, қара түсті.
Үстіне сұр футболка, қызыл шалбар және кроссовка киген.