×

Нью-Йорктің федералдық соты Ильяс Храпуновқа айыппұл салды

Айыппұл 30 күнде төленуі керек

 Дастан Жұмабекұлы 11.05.2022 | 14:27
коллаж: Halyq Uni

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы Оңтүстік округінің аудандық соты Ильяс Храпуновқа сот бұйрықтарын бірнеше рет бұзып, дәлелдемелерді жойып, сотқа жалған ақпарат бергені үшін 221 285,31 доллар көлемінде айыппұл салды.

Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, айыппұл 30 күнде төленуі керек.

Нью-Йорк соты осымен екінші рет Храпуновқа ақшалай айыппұл салып отыр. Бірінші айыппұл интернет арқылы құпия айғақтар жария етілгеннен кейін салынған еді.

Бұған дейін америкалық сот Мұхтар Әблязовқа да 140 115,60 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салған болатын.

Осы аптада Нью-Йорк  соты Храпуновқа салынған айыппұлдың көлемін белгіледі. Оны Округтік судья Элисон Дж. Натан қолдады.

Алматы қаласы мен БТА Банкінің атынан Нью-Йорк процесі Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарының ұрланған ақшаны АҚШ-та жасырғаны үшін қылмыстық істі 6 жылдан астам уақыт бұрын бастаған болатын. Әблязов жалған несие беру арқылы БТА банкінен миллиардтаған долларды жымқырған. Ол осы қылмысы үшін Қазақстанда сотталған. Сондай-ақ, Ұлыбритания соттарында айыпты деп танылған.

АҚШ-тағы сот процесінде Әблязовтың қылмыстары ашылып,  көптеген куәгерлердің айғақтары табылған. Енді басты сот процесі биылғы жылы күзде Нью-Йоркте америкалық алқабилер сотының алдында басталады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама