Қытай Ресейдің бір бөлігін өзіне қосып алды
Картада Үлкен Уссурий аралы түгелімен ҚХР-дың меншігі болып көрсетілген
Қытайдың «Стандартты карталардың картографиялық қызметі» мемлекеттік сайты 2023 жылға арналған ресми бекітілген географиялық карталардың жаңа жинағын жарыққа шығарды.
Бұл картада Үлкен Уссурий аралы ҚХР-дың территориясы болып көрсетілген.
Үлкен Уссурий аралы Амур өзенінде орналасқан. Ол 2008 жылға дейін екі елдің даулы аумағы болып есептеліп келді. 2008 жылы Қытай мен Ресей аралды екіге бөліп алған. Бірақ Қытайдың «Стандартты карталардың картографиялық қызметі» мемлекеттік сайтында жарияланған картада арал түгелімен ҚХР-дың меншігі болып жазылған.