Halyq Uni логотип
×

Пригожинді жерлеуге ең жақындары ғана қатысқан

Оны соңғы сапарға туған-туыстары шығарып салған

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2023 | 13:49
Пригожинді жерлеуге ең жақындары ғана қатысқан
Фото: focus.ua

Осыдан бірнеше күн бұрын Ресейде жеке ұшағы құлап, қаза тапқан «Вагнер» жеке әскери жасағаның жетекшісі болған Евгений Пригожин Санкт-Петербургтегі Пороховский зиратына жерленді. Оны соңғы сапарға туған-туыстары мен жақындары ғана шығарып салған.

Жерлеу болатыны туралы Ресей билігі ешқандай мәлімде жасамады.

Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Пригожинді ақтық сапарға шығарып салуға оның туыстары мен өте жақын достары ғана барған. Жерлеу рәсіміне куә болған зират қызметкерінің айтуынша, Пригожинмен қоштасуға небәрі 20-30 адам ғана келген. Әскери киімдегі адамдар болмаған.

«Вагнер» компаниясы экс-басшысының денесі әкесінің қабірінің жанына қойылған. Бұған дейін Пригожиннің орынбасары болған Валерий Чекалов та жерленген болатын.

Еске сала кетсек, 23 тамызда Пригожиннің жеке ұшағы белгісіз жағдайда апатқа ұшырап, бортта болған 10 адамның бәрі қаза тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама