Үлескерлердің қаржысын қабылдауға хақысы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жарияланды
Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған
Астанада үлескерлердің қаржысын қабылдайтын құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қолданыстағы заңнаманы елемеу арқылы жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау, резервтеу, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру шарттары және т.б.) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.
Еске сала кетсек, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады. Бұл ретте Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Сұрақтар бойынша Астана қаласы Сарыарқа ауданы Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында орналасқан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-04-28, 55-67-03.
Үлескерлердің қаражатын қабылдауға хақысы жоқ құрылыс салушылардың тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.