Қазақстан Беларусьтегі ҰҚШҰ жаттығуына бронды техника жіберген жоқ – министр
Әскерді Беларуське жіберу мемлекетке қауіп төндірмейді
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ҰҚШҰ жаттығуына Қазақстанның әскери техника жөнелткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Интернетте Қазақстанның (ҰҚШҰ жаттығуына) бронды техника жөнелткені туралы ақпарат – фейк. Бүгінде бүкіл техника тұрақты дислокация бекеттерінде тұр. Тек жедел топ жіберілді. Олардың саны – 11 адам, - деді министр Үкімет отырысынан соң.
Журналист қазақстандық әскерді Украинамен шектесетін Беларусь аумағына жіберу қандай қажеттіліктен туындағанын сұрады.
«Мұнда Украина локациясының қатысы қанша? Беларусь – бейбіт мемлекет әрі ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ», - деді Руслан Жақсылықов.