Атырауда мектепте жұмыс істемейтін 41 адам 90 миллион теңге жалақы алған
12 мектепте жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған
12 мектептен жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің Атырау облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында сыбайлас жемқорлық бар.
«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 10-ға жуық дерек анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12 мектепте іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 адамға жалақы аударылған. Шамамен 90 млн теңге шығын келген», – дейді Жәнібек Қаражанов.