Жаңбыр, бұршақ, күшті жел – 29 тамыздағы ауа райы болжамы жарияланды
Таулы аудандардың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар) найзағаймен, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар) найзағаймен, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Жетісу облысынының солтүстік-шығысында, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.