«Жануар секілді ұлыды»: Павлодарда 6 жасар балаға шабуыл жасаған жалаңаш қыз ұсталды

Халық үні

19 жастағы қыз жауапкершілікке тартылды

ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бірі Затон шағын ауданында болған оқиғаға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz 

«Кеше, 27 тамызда психотропты заттың әсерімен жалаңаш қыз менің алты жасар баламның артынан жүгіріп, шабуылдады. Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан жануар сияқты ұлыған. Ата-аналар, сақ болыңыздар», – делінген жазбада.

Әйел адам баланың есеңгіреп қалғанын, сол сәтті түсіріп алған жандар болса, видеосын жіберуді сұрайды. 

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

«Әйел адамның жеке тұлғасы анықталды. Аталған фактіге қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.