Қазақстанда 3,7 балдық жер сілкінісі болды
Зілзала 28 тамызда сағат 20:32-де тіркелді.
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 274 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.
Зілзала 28 тамызда сағат 20:32-де тіркелді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 274 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.2. MPV магнитудасы 3,7. Эпицентр координаттары 44,63° солтүстік, 79,69° шығыс, жер сілкінісінің тереңдігі 20 км. Нақтылық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.