×

SCAT пен Qazaq Air 5 млрд субсидияны қай жетістігімен алды?

Елімізде әрбір бесінші ұшақ рейсі кешігеді

 Ербол Тұрымбет 11.05.2022 | 12:30
фото: ашық дереккөз

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев елімізде ұшақтардың уақытынан кешігуі үлкен мәселеге айналғанын көтерді. Оның айтуынша, пандемия уақытында ұшу жиілігі 1,5 есе азайған әуе компаниялары қазір қалпына келтірілді. Алайда рейстердің кешігуі мен кешігу барысындағы қызмет көрсету сапасы бойынша халық наразылығы өршіп тұр.

Мысалы, 2020 жылы 51 мыңға жуық рейстің 6 735-і, яғни әрбір 8-ші рейс кешіккен. Былтыр ұшқан 68,7 мың рейстің 12,8 мыңы, әрбір жүйелі рейстің бесіншісі уақытында ұшпаған. Яғни, ұшу рейстері көбеймесе де борттардың кешігу себептері шамамен екі есеге артқан.

Мұндайда әуе компанияларының «ауа райының қолайсыздығына» байланысты деп қысқа қайыратыны бар. Бірақ 2021 жылдың қорытындысы бойынша 12,8 мың кешіккен рейстің 9045-і борттың кешігіп келуінен болған. Оның ішінде «SCAT», «Qazaq Air» әуекомпанияларының әрбір төртінші рейсі кешіктірілген. Ал ең қызығы ауа айының қолайсыздығына байланысты деген тармақ бойынша небәрі 912 рейс кешіккен, – дейді депутат.

Оның айтуынша, ішкі рейстердің жиілігін көбейту мен халықтың ұшақпен пайдалану деңгейін арттыру мақсатында Үкімет биыл 24 бағыттағы рейстерді субсидиялауға 5,9 миллиард теңге бөлген. Оның ішінде 16 бағыт бойынша 5 миллиарды «SCAT», «Qazaq Air» компанияларына бөлінбек. Сондықтан қазақ әуеиндустриясының ахуалын еуропалық стандарттарға сай реттеу қажеттілігін айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама