Halyq Uni логотип
×

Нысана көздеуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы алтын медаль алды

Қазір еліміз жалпы есепте 9-орынға көтерілді

 Дастан Жұмабекұлы 28.08.2023 | 17:30
Нысана көздеуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы алтын медаль алды
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Әзербайжанның Баку қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды.

Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ауыспалы ритммен 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде бас жүлде үшін талас соңғы сәтке дейін болды. Негізгі кезеңде 378 ұпаймен тең түскен Зухра Ирназарова мен Александра Сәдуақасова екеуара алтын медальді сарапқа салды. Мұнда Александра Сәдуақасова мергендік танытып (19-13), чемпион атанды.

Кешегі сында Зухра Ирназарова алтын медальға, Александра Сәдуақасова күміс жүлдеге ие болған еді.

Қазір Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы есепте 9-орынға көтерілді. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов (микст) үздік үштікті түйіндеген.

Бакудағы әлем чемпионаты 1 қыркүйекте аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама