×

Украинаның тұңғыш президенті қайтыс болды

Кравчук 1991 жылы Украинаның атынан КСРО-ны ыдырату туралы келісімге қол қойған еді

 Халық үні 11.05.2022 | 12:10
фото: ашық дереккөз

Украинаның тұңғыш президенті Леонид Крачук ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды.

Бұл туралы «Українськие новини» агенттігіне  Кравчуктың отбасына жақын адамдар хабарлады. ТАСС агенттігі саясаткердің 2022 жылғы 10 мамыр күні Киев уақытымен 17.00-де қайтыс болғаны туралы мәлімет берді.

Ол биыл 10 қаңтарда толған еді. 2021 жылы маусым айында жүрегіне ота жасатты. Содан кейін ИВЛ аппаратына қосылып, реанимацияда жатты. Сол жылғы күзден Германияның Мюнхень қаласында реабилитациядан өтті.

Кравчук 1991 жылы Украинаның атынан Беловежьеде РСФСР президенті Борис Ельцинмен, Беларусь Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Станислав Шушкевичпен бірге КСРО-ны ыдырату туралы келісімге қол қойған еді.

1991-1994 жылдары тәуелсіз Украинаның тұңғыш президенті болды. Осыдан кейін ол Жоғары Раданың депутаты болып қызмет етті.  

2020 жылғы 28 шілдеден бастап осы кезге дейін Украинаның шығыс облыстарындағы қарулы қақтығысты тоқтату жөніндегі байланыс тобының  мүшесі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама