Сол суреті астындағы жазу оның қазіргі сайлауалды науқанының ұранына айналды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың жақтастары саясаткердің түрмедегі суретінен миллиондаған табыс тапты. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы хабарлады.
24 тамызда Трамптың жақтастары президенттік сайлау науқаны үшін түрмедегі суретті пайдалана отырып жасалған футболкаларды, стикерлерді, шарап стақандарын және басқа да тауарларды жарнамалау арқылы 7,1 миллион доллар жинады. Трамптың сайлауалды науқанына кем дегенде 47 доллар берген адамға бұрынғы мемлекет басшысының түрмедегі фотосы бар жейде сыйға тартылды.
Ал 25 тамызда осы өнімдерді сату арқылы рекордтық 4,18 миллион доллар ақша жиналды. Трамптың түрмедегі суретінің астындағы жазу («Ешқашан берілме!») оның қазіргі сайлауалды науқанының ұранына айналды.