×

Әлемдік Nickelodeon HD телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

Арнаның ең танымал кейіпкері – Спанч Боб

 Еркеғали Болатұлы 11.05.2022 | 11:55
фото: ашық дереккөз

Американдық Nickelodeon HD телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады. Бұл туралы телеарна өзінің ресми сайтында мәлімдеді.

«Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар», – делінген хабарламада.

Бір ерекшелігі, ондағы мульттоптамалар 6-дан төмен жастағы, 6 жастан асқан және 12+ мектеп жасындағы балаларға арналған.

Одан бөлек, бүгінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ында отандық актерлар мен дикторлар 11 мультфильмнің аудармасын жасап жатыр. Оның ішінде «Чупи мен Дуду», «Робокар Поли», «Монстрлар», ертегілер, «Лиза мен Тема», т.б. бар. Сондай-ақ «Спанч Бобтың» 265 сериясы аударылып, дыбысталған.

Ал Nickelodeon бағдарламалары туралы айта кетсек, олар қазір 70 елге 22 тілде таратылып жатыр. Арнаның ең танымал кейіпкері – Спанч Боб. Оны ересектер де көп тамашалайды екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама