Алматы тұрғыны 1 гектар жерге 10 мың тонна қарасора өсірген
Күдікті 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Алматы облысының Балқаш ауданында дрондардың көмегімен құрамында есірткі бар қарасора егілген плантация анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Алматы қаласы тұрғынының шалғайдағы бір гектар жерге үнді қарасорасын өсіргені белгілі болған. Плантацияны анықтағаннан кейін полицейлер бірден 5 тоннадан аса есірткі қарасорасын жойды. Өсімдіктерді жою бірнеше күнге созылды. Нәтижесінде қарасора алқабындағы өнімнің жалпы салмағы 10 тоннадан асты.
ІІМ-де түсіндіргендей, қылмыскерлер көп жағдайда үнді қарасорасының сортын оның жоғары есірткілік деңгейі мен бұтасының үлкен көлеміне байланысты таңдайды. Мұндай өсімдіктің сабағы 4 метрге жетіп, салмағы 1 келіден асады.
Аталмыш қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Оған қатысты құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргені үшін Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – делінген хабарламада.
Осы факті бойынша тергеу жалғасып жатыр.