Мемлекет басшысына «Қазсушар» мекемесіне жүргізілген аудит нәтижесі туралы мәлімет берілді

Дәурен Ерболат

Жалпы 9,3 трлн теңгенің қалай жұмсалғаны тексерілді

Фото: Telegram/Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Наталья Годунова:

  • Жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есеп берді. Есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген;
  • Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сондай-ақ «Қазсушар» РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы туралы мәлімет берді.

️Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.