Олар күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Шымкентте ауа райының өзгеруіне байланысты мамандар төтенше жағдайдың салдарын жоюға дайындалып жатыр, деп хабарлады қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
28 тамызға қараған түні қалада бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнаған еді. Салдарынан қала көшелері мен үйлерді су басқан.
Биыл 27-28 тамызда басқарма мамандары жалпы 8 мекенжай бойынша су сору жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 367 м3 су шығарылды. Жұмысқа ТЖД-ның 12 техникасы, 11 мотопомпа және 37 маманы жұмылдырылды.
Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамы толық дайындыққа келтіріліп, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Алдағы уақытта ауа райы өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін ТЖД-ның жеке құрамы мен техникасы дайындыққа келтірілді, – деп жазылған хабарламада.