Halyq Uni логотип
×

Халық қаһарманы көпбалалы әкенің үйіне барды

Олар мемлекеттің қолдауын сезінуге тиіс

 Дәурен Ерболат 28.08.2023 | 10:11
Халық қаһарманы көпбалалы әкенің үйіне барды
Фото: Ұлттық ұлан

Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов көпбалалы әке, аға сержант Сымбат Ақмолаевтың үйіне барды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Күштік құрылым мәліметінше, жаңа оқу жылында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіледі.

Біз көпбалалы әскерилердің отбасына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Өйткені біздің қолдауымыз бен қамқорлығымыз маңызды. Олар оны сезіне білуі керек, - деді Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов.

Халық қаһарманы №5518 әскери бөлімі жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының аға маманы Сымбат Ақмолаевтың шаңырағына барды.

Аға сержант, көпбалалы әкенің Ұлттық ұлан сапында қызмет еткеніне 10 жылға жуықтаған. Әйелі Жанна екеуі 5 бала тәрбиелеп отыр. Биыл тұңғыш баласы Саянұр 3-сыныпқа барса, ал қызы Кәусар мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Сымбаттың ең кенже қызы – 7 айлық.

«Мектепке жол» акциясы аясында генерал-майор көпбалалы әскерилердің балаларына мектепке қажет оқу-құралдары мен арнайы сыйлықтарды тарту етті.

Халық қаһарманы Қайрат Үмбетовтің шаңырағыма арнайы келіп, балаларымды оқу жылының басталуымен құттықтауы – үлкен құрмет. Ұлттық ұлан басшылығының отбасыларға қолдау көрсетіп, берік дәстүрді ұстанғаны қуантады, - деді Сымбат Ақмолаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама