×

Назарбаевтың екі қызы Forbes-тағы ең бай адамдардың тізіміне енді

Forbes тізімінен Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалды шығып қалды

 Ербол Тұрымбет 11.05.2022 | 11:32
коллаж: Halyq Uni

Forbes Қазақстандағы 50 бай кәсіпкерлер тізімін жариялады. Олардың қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсқлтан Назарбаевтың қыздары мен күйеубаласы, немересі мен немере інісі бар.  

Байлар тізімінде Дариға Назарбаеа да бар. Ол ұлы Нұрәлі Әлиев екеуі «Европа плюс Казахстан» ЖШС иелік етеді. Сондай-ақ Астанада 4 жұлдызды қонақүй мен «Холдинговая компания DLS Group» ЖШС бар.

Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев рейтинг бойынша 26-орында. Оның байлығы 263 млн АҚШ доллар. Ол «Capital Holding» мен «Darmen Holding» ЖШС иесі және «Транстелеком» акционері.

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев 41-орында. Оның байлығы — 160 АҚШ доллар. Ол «Prime Capital Invest» мен «Корпорация Үш Қоңыр Инвест» ЖШС иесі.

Forbes.kz тізімі бойынша алғашқы бестікке енген Қазақстандағы ең бай адамдар:

  • І орын – Владимир Ким – 5 млрд доллар;
  • ІІ және ІІІ орын - Тимур мен Динара Құлыбаевтар – әрқайсысы 3,9 миллиард доллардан, Назарбаевтың қызының байлығы бір жылда 1 миллиард долларға өсті;
  • IV орын - Вячеслав Ким - $3,2 млрд;
  • V орын – Михаил Ломтадзе – $3 млрд;

Дариға Назарбаева рейтингке қайта оралды (13-орын, $584 млн);

Болат Назарбаевтың 38 жастағы ұлы Нұрбол Назарбаев ($160 млн және 41-орын) тізімге қосылды;

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалды (Назарбаевтың немере інісі) шығып қалды, екеуі де тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама