Енді отандасымызбен басқа америкалық жаттықтырушы жұмыс істейді
Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаттықтырушысын ауыстырды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшыны бұған дейін жекпе-жектерге америкалық Бадди Макгирт дайындап келген болатын. Ол – әйгілі Артуро Гатти, Майк Тайсон секілді танымал спортшыларды шыңдаған бапкер. Енді отандасымызды Брайан Вилория есімді америкалық маман жаттықтырады.
«Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық.
Брайан – әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы.
Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық. Алла берекелі етсін!» – деп жазды боксшы әлеуметтік желіге.