×

Кеосаянның отбасын қазақ халқы құтқарған (ВИДЕО)

Бұған дейін ресейлік журналист Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты даулы мәлімдеме жасаған еді

 Халық үні 11.05.2022 | 10:04
фото: ашық дереккөз

Осыдан бірнеше күн бұрын өзінің Youtube арнасында еліміздің ішкі және сыртқы саясатына қатысты даулы мәлімдеме жасаған ресейлік журналист Тигран Кеосаянның отбасын Қазақстанға депортация кезінде қазақтар құтқарған. Бұл туралы КО4А TV Youtube арнасында «Кеосаянның отбасын Қазақстанда қазақтар құтқарған» деген видео жарияланды.  

Бейнежазбаның авторы Кеосаяндар отбасының депортация кезінде Ақмола облысына жіберілгенін айтып, ресейлік журналистің әке-шешесі мен әжесі түскен фотоны көрсетті.

«Біздің Қазақстан соғыстан кейін елімізге жер аударылған көптеген халыққа көмектесті. Енді мен сіздерге мына фотоны көрсеткім келеді. Бұл фотода кімнің тұрғанын білесің бе? Ол кезде әжең де, әкең де, ағаң да бізбен бірге Ақмола облысындағы Васнеценко ауылында тұратын. Олар біздің облысқа жіберілген. Ата-бабаң, ата-анаңның өскен жерін ұмытпауың керек. Біздің Қазақстан туралы соншама беталды жаман сөздер айттың. Сенің эфирде дөрекі сөйлегенің ата-баба тағдырын білмегенің… Өкінішті», – деді видеоның авторы.

Осыдан кейін ол Кеосоянға жауап ретінде оның отбасына қазақтардың қалай көмектескенін айтты.

«Меніңше, сен бәрін танып, біліп отырсың. Сенің отбасың осы Васнеценко ауылында тұратын отбасымен дос болған. Әжеңді екі ұлымен осы жерге жіберген. Сол бір қиын-қыстау кезде көптеген қазақтар қоныс аударушыларға көмектесті. Біздің қазақтар  шешендерге, ингуштарға, кәрістер мен басқа да халықтарға көмек қолын созып, ажалдан аман алып қалды. Қазір көбісі бізбен бірге Қазақстанда тұрып, Қазақстанды екінші Отаным деп санайды», – деді ол сөзінің соңында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама