«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының тағы бір шахтасы өртенді
Осыдан тура 10 күн бұрын ғана, яғни 17 тамызда осы компанияның «Қазақстан» шахтасынан да өрт шыққан еді
Бүгін түнде Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Саран» шахтасынан өрт шықты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кенші аман-есен жер бетіне шығарылды.
2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те «Саран» шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшы жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, осыдан тура 10 күн бұрын ғана, яғни 17 тамызда осы компанияның «Қазақстан» шахтасынан да өрт шыққан еді. Соның салдарынан 5 кенші қаза тапқан болатын.