Halyq Uni логотип
×

Жезқазғандық хореограф Меккеге велосипедпен екінші рет барып қайтты

Ол жалпы 63 мыңнан астам шақырымды еңсерген

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2023 | 09:20
Жезқазғандық хореограф Меккеге велосипедпен екінші рет барып қайтты
фото: дереккөз

Жезқазған тұрғыны Мекке қаласына екінші рет велосипедпен барып қайтты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Қажылық сапардан қажымаған Талғат Жұмабеков елге тамыз айының басында оралды. Ол продюссерлік орталықта жұмыс істеген. Тіпті хореограф та болған. Артынша дүниежүзін шарлағысы келген екен. Осылайша, мұсылман үшін қасиетті Меккенің топырағын басу басты арманы болыпты. Бірақ өзгелер сияқты айшылық алыс жерге ұшақпен жедел жете салмай, мыңдаған шақырымды велосипедпен еңсеруге бел буған.

Баяғы кездері Меккеге жиhанкездер атпен, тіпті жаяу барған. Сөйтіп біраз қиыншылықтарды көріп, сондай жетістіктерге жетіп отырған. Қазір ондай жағдай жоқ. Ұшақпен бәрі барып жүр деп, өзін сынағысы келді ғой. Сонда мен «велосипедпен бар» деп айтқанмын. Жәй әзіл ретінде. Соны ол қағып алды да велосипед сатып алып, сонымен кетті, – дейді Талғаттың досы Еркін Жабағинов.

Содан жиhангез велосипедімен жалпы 63 мыңнан астам шақырымды еңсеріп, әлемнің 49 елінде болған.

Биыл Талғат қасиетті Меккеге екінші мәрте қажылыққа барып келді. Тек бұл жолы сапарын Алматы қаласынан емес, Каирдан бастаған. Елге тамыз айының басында оралған. Енді міне, балалық шағы өткен Жезқанғанға да жетті. Ал болашақта белін бекем буып, велосипедімен Оңтүстік Америкаға аттанбақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама