Halyq Uni логотип
×

«Жел күшейіп, жаңбыр жауады»: 27 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

27 тамзыда жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін

 Халық үні 26.08.2023 | 20:33
«Жел күшейіп, жаңбыр жауады»: 27 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 27 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама